"ӘДЕБИЕТТАНУДАҒЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ" тақырыбында ғылыми семинар

22 ақпан 15.00-де «Ғылыми зерттеу әдіснамасы» аясында оқытушы-зерттеуші, филология ғылымдарының докторы, қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, оқытушы-зерттеуші Жанат Әскербекқызы Аймұхамбеттің "ӘДЕБИЕТТАНУДАҒЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ" тақырыбында ғылыми семинары өтті.

Семинарда оқытушы-зерттеуші Жанат Әскербекқызы жас ғалымдарға «Әдебиеттанудағы зерттеу әдістері» тақырыбында дәріс оқыды. Зерттеу, зерттеу әдістері, әдіснама туралы түсіндіріліп, зерттеу жұмысын жазудың бағыт-бағдарлары талданды.