«Абай поэзиясы және ұлттық поэтологиялық кеңістік» онлайн-конференция

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Абай академиясы ғылыми-зерттеу институты және қазақ әдебиеті кафедрасы 2022 жылдың 10 тамызында 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша  ҚР БҒМ грантымен қаржыландырылатын «AP09259039 – Абай өлеңдерінің поэтологиялық тезаурусы» ғылыми жобасы аясында «Абай поэзиясы және ұлттық поэтологиялық кеңістік» атты онлайн-конференция өткізеді.

       Конференция жұмысы төмендегідей бағыттарда жүргізіледі:

       1. Абай мұрасын поэтологиялық аспектіде зерттеу;

       2. Қазіргі филологиялық зерттеулер;

       3. Фольклор және мәдениеттану парадигмалары.

      Конференцияға қатысу үшін баяндамаларды 2012 жылдың  9 тамызға дейін мына мекен-жайға жіберуге болады: 010000 Астана қаласы, Қажымұқан көшесі 11, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 330 кабинет, қазақ әдебиеті кафедрасы.  Электрондық пошта: m.n.mirazova@mail.ru.

       Баяндаманы  рәсімдеуге қойылатын талаптар:

       Баяндама мәтіні  5 беттен кем емес, А4 форматымен, Times New Roman шрифтімен, 14 көлемінде, 1 интервал аралығында, барлық жағынан 20 мм қашықтықпен жазылуы тиіс. Мақаланың аты ортада бас әріппен жазылады. Оның астында екі аралықтан соң бас әріппен автор(лар)дың аты-жөні және тегі, жіберуші ұйымның (ЖОО) аталымы, ел (мемлекет) аты оң жаққа курсивпен беріледі. Баяндамаға ағылшын, қазақ, орыс тілдерінде аннотация (50 сөз) берілуі керек.

   Келесі жолға мақала мәтіні жазылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында беріледі. Сызбалар, суреттер және бейнелер жеке файл түрінде ұсынылады.

  Тақырыпқа сәйкес келмейтін, сондай-ақ, талапқа сай емес мақалалар жинақта жарияланбайды.

      Байланыс телефондары: 87757432105.

Конференция ZOOM платформасында өткізіледі. Қатысушыларға алдын ала конференция сілтемесі жіберіледі.

Конференцияға қатысу үшін баяндамен бірге төмендегі үлгі бойынша толық мәліметтер жіберу керек:

1.     Қатысушының толық аты-жөні

2.     Қызметі, ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі

3.     Жұмыс орнының толық атауы

4.     Пошталық мекен-жайы

5.     Телефон, факс

6.     e-mail

7.     Баяндама атауы

Конференция материалдары қазақ  тілінде қабылданады.  

 

 Ұйымдастыру алқасы