Филология факультетінде "Ашық есік күні" өтті

Қараша айының үшінші жұлдызы күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Филология факультетінде «Ашық есік күніне» арналған іс-шаралар өтті. Шараға Астана қаласының және ҚР аймақтарынан келген 150-ден астам мектеп бітірушілері, факультеттің оқытушы-профессорлары қатысты.

 

 

«Ашық есік» шарасы факультет деканы Ардақ Бейсенбайдың алғысөзімен ашылды. Мектеп бітірушілерге, оларды әкелген жауапты ұстаздарға алғысын білдірген факультет деканы Филология факультеті жайлы жалпы ақпарат беріп, «Кәсіби бағдар беру және тестілеу» орталығының бас маманы Егеубай Ләззат Бақытқызы маңызды ақпараттар, ҰБТ, университеттің білім беру бағдарламалары жайлы айтты. Орта және жоғары білімнен кейінгі білім беру мекемелері түлектерінің кәсіби бағдар беру қызметін ұйымдастыру саласындағы университеттің бірегей саясатын қамтамасыз етужоғары оқу орынға түсу туралы кеңес берууниверситет мамандықтары бойынша кәсіптік бейімделуге қатысты жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу аясында айтылған ақпараттар «Ашық есік күніне» келген мектеп бітірушілер үшін пайдалы болды деп есептейміз.

 

 

Оқушылар салтанатты шарадан соң факультет кафедраларын аралап, білім беру бағдарламалары туралы кеңін біліп, оқытушы-профессорлар құрамымен танысты.