Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева

Основан 1996 году

Филологический факультет


Шетелдік профессордың қатысуымен ЖҒК-нің онлайн-отырысы

2020 жылдың 23 желтоқсанында филология факультетінде жас ғалымдар кеңесінің отырысы әдеттен тыс форматта өтті. Онлайн-отырысқа Польшадан келген шетелдік профессор, PhD докторы, Гданьск университетінің англистика және американтану факультетінің профессоры Дорота Сильвия Майевич қатысты.

 

Профессордың алғашқы онлайн-дәрісі 2020 жылдың 25 қарашасында филология факультетінің ЖҒК-нің алдыңғы отырысында өткізілді, онда Дорота Сильвия Майевич жас ғалымдар үшін ғылыми мәтіннің академиялық стилі, плагиат, авто-плагиат және ғылыми мақалалардағы дәйексөз сияқты өзекті мәселелерді қозғады. Факультеттің ЖҒК мүшелері профессордың дәрісіне қызығушылық танытып, оны жоспар бойынша 2020 жылдың 23 желтоқсанында MS Teams платформасында өткен желтоқсан кездесуіне шақырды.

 

ЕҰУ-нің жас ғалымдарымен өткен екінші кездесуде шетелдік профессор академиялық жазу стилі, академиялық дискурстың негізгі ерекшеліктері және библиографиямен жұмыс жасау сияқты өзекті мәселелерге тоқталды. Профессордың EBSCO ақпараттық қызметімен жұмыс туралы онлайн режимінде ұсынған материалы ерекше қызығушылық тудырды, бұл толық мәтіндік ақпараты бар зерттеу базаларының үлкен кешені. Бұл мәліметтер базасын әртүрлі ғылыми қызығушылықтар мен біліктіліктің өкілдері пайдалана алады.

 

Шетелдік профессордың дәрісі жоғары ұйымдастырушылық және ғылыми деңгейде өтті. ЖҒК филология факультетінің онлайн-отырысына қатысушылар профессорға сұрақтар қойды, ақпараттық платформалар мен мәліметтер базаларын пайдалану мысалдарын келтірді және дәріскерге ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда қолдануға болатын құнды ақпарат үшін алғыс білдірді.

 

Профессор Дорота Сильвия Майевичпен ынтымақтастық 2020 жылдың қаңтарында ЕҰУ-де шетел тілдерінің теориясы мен тәжірибесі кафедрасында академиялық жазу бойынша дәрістер оқыған кезде басталды. Доктор Майевич ЕҰУ-нің 2020 жылғы қыркүйекте онлайн-технологиялар бойынша халықаралық конференциясына белсенді қатысты. Сондай-ақ, профессор Майевичті «7M01719 - Шетел тілі: екі шетел тілі» ББ магистранттарына дәрістер оқуға шақыру 2020 жылдың қыркүйек-қазан айларында жоспарланған. Қазіргі уақытта профессормен белсенді келіссөздер жүргізілуде.