Шешендік өнер және сөз мәдениеті

Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

2019 жылдың 20 наурызында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті филология факультеті қазақ тіл білімі кафедрасы білім алушыларды адамгершілік-отансүйгіштік қасиеттерге тәрбиелеу мақсатында дәстүрлі «М.Серғалиев сабақтары» аясында студенттердің республикалық «Шешендік өнер және сөз мәдениеті» атты сөз сайысын өткізеді.

Сайыс 6 кезеңнен тұрады:

1-кезең. «Шешендік сөз – асыл сөздің өрнегі» Шешендіктің түрлеріне қатысты сұрақтар (ұяшық таңдау).

2-кезең. «Ұшқыр ой мен шешен тіл» Фразеологизмдердің мағынасын ашу

3-кезең. «Бабалар сөзі – ұрпаққа үлгі» Қазақ би-шешендерінің нақыл сөздерін жатқа айту

4-кезең. «Мақал – сөздің мәйегі» Мақал құрастыру; Сурет арқылы мақалды табу; Мақалды жалғастыру

5-кезең. «Шешеннің сөзі – ақылдың көзі» Блиц-сұрақтарға жауап беру

            6-кезең. «Кәнеки, тілім, сөйлеші» Берілген тақырыпқа сай шешендік дау (шешенге қойылатын талапқа сай болуы керек): (тақырыптар: Бүгінгі заманның құндылығы неде? Атадан қалған асыл мұра; Ел ертеңі – білімді жастар және т.б.)

Байқау қазақ тілінде өтеді.

Байқауға қатысу үшін өтініш 2019 жылдың 18 наурызына дейін қабылданады.

Байқаудың басталуы сағат 15.00-де. Мекен-жайы: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ,Оқу-зертханалық ғимарат, Қажымұқан, 11, Академик М.С.Серғалиев аудиториясы.

Өтінім төмендегі электронды адрес бойынша қабылданады: kafedra_kyaz@mail.ru

 

ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ ҮЛГІСІ

студенттер арасындағы «Шешендік өнер және сөз мәдениеті» атты сөз сайысы

Қатысушының толық аты-жөні

 

Университет (мекен-жайы, телефоны)

 

Курсы, тобы, мамандығы

 

Телефоны

 

Жетекші оқытушының аты-жөні

 

Оқытушының телефоны

 

e-mail

 

 

Жауаптылар: Мамаева Гүлнар Бейсенқызы +7-702-1891874

                          Сарекенова Қарлығаш Құрманғалиқызы +7-701-3665075

                        

 

Ұйымдастыру комитеті