ЕҰУ-нің шетелдік студенттері "Наурыз" мейрамын атап өтті

Бүгінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде шетелдік студенттерге арналған арнайы орыс тіл сабағы өткізіледі. Айткүл Нұрбайевна Қосмұратова сабақ беретін Қытай, Монголия жəне Өзбекстан елінен келген  шетелдік  студенттердің орыс тілі группасы "Наурыз" мейрамын атап өтті. Іс шарада дастарханға  ұлттық мерекенің символы Наурыз Көже мен қазақ ұлттық тағамдары жəне қытай, монгол, өзбек ұлтының ұлттық тағамдары қойылып, ауыс тиілді. Студенттер қазақтың қара домбырасымен жəне гитармен қытайша, қазақша, өзбекше,монголша əндер айтып, күй тартып, өз өнерлерін паш етті. Сонымен қатар қазақтың ұлттық құндылықтарын таныту мақсатында  түрлі ойындар жүргізілді. Бұл іс шарада қонақта Ауезова Амина Танатаровна, Куандыкова Жанар Амангелдиевна жəне тағы басқа да қонақтар болды. Жетекші ұстаз Айткүл Нұрбайевна Қосмұратова студенттерге жаңа жылдың тілегін айтып, оқуынан табыс тілеп сөз сөйледі.