«Қытай тілі және мәдениеті»

2017 жылдың 23 қараша мен 26 қараша аралығында филология факультетінде қытай филологиясы кафедрасында  «Қытай тілі және мәдениеті» тақырыбында апталық өткізіледі. Апталық шеңберінде «Қытай тілі және мәдениеті» тақырыбында қазіргі заманғы қытай тілінде білім берудің өзекті мәселелері бойынша Қытай Халық Республикасының жетекші ғалымдарының шеберлік сабақтары мен дәрістері ұйымдастырылады. Апталық форматы тәжірибе алмасуға және халықаралық ғылыми байланыстарды нығайтуға бағытталған іс-шараларды қамтиды.

 Апталықты  бітірген соң тыңдаушыларға сертификаттар беріледі.

  Барлық келушілерді шақырамыз!

 

Апталықтың ашылуы 2017 жылдың 23 қарашасы,  апталықтың басталуы  – сағ.10.00, тіркеу уақыты – сағат  09:30, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қажымұқан көшесі 12,  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, 821 аудиторияда өтеді. (№ 5 оқу-зертханалық ғимараты, 8 қабат).