Елбасының «Назарбаев Университетінде» оқыған интерактивтік дәрісіне тікелей қатысқан Президенттік стипендия иегері Н.Мұхтарова студенттерге дәрістен алған әсері мен өзінің болашақ ғылыми жоспарлары туралы ой бөлісті PDF Басып шығару E-mail

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ №5 студенттер үйінде филология факультеті қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры, п.ғ.д. Н.Ж.Құрман студенттермен «Президенттің білім қоғамын құратын білімді жастарға арналған тағылымы» тақырыбында ашық тәрбиелік сағат өткізді.

Президенттің «Білім – Ғылым - Инновация» триадасы туралы айтқан ойлары мен ғылымды дамыту жолында жастарға жүктеген туралы студенттер өз пікірлерін ортаға салды. БҰҰ жанындағы Халықаралық ұйымдар, озық еуропалық көшбасшылар, танымал экономистер мен саясаткерлер Үшінші индустриалдық төңкеріс тұжырымдасын ресми қабылдағаны туралы, осы үдерістен Қазақстанның да қалмай, көштің алдына шығуға ұмтылуымыз керектігі туралы Президентіміздің айтқан ойлары туралы студенттер өз пікірлерін ортаға салды.


Елбасының 2012 жылдың 5 қыркүйегінде «Назарбаев Университетінде» оқыған «Қазақстан білім қоғамын құру жолында» интерактивтік дәрісіне тікелей қатысқан кафедра магистранты, Президенттік стипендия иегері Н.Мұхтарова қатысып, студенттерге дәрістен алған әсері мен өзінің болашақ ғылыми жоспарлары туралы ой бөлісті. Тәрбие сағаты барысында студенттермен пікір алысу жүргізіліп, интернетті қолдана отырып ғылымның түрлі салалары туралы мәлімет берілді.

Студенттердің ой-өрісінің кеңдігі, тереңдігі мен тілдерінің жатық болуы - ғылыми білімнің қалыптасуының кілті екеніне баса наза аударылды. Тәрбие сағатының қорытындысында №5 жатақхана студенттерімен «Шешендік клубын» құру деген шешім қабылданды. Оған жетекшілер ретінде магистрант Н.Мұхтарова мен 4 курс студенті Ұ.Зарлық ұсынылды. Осындай дәрістер алдағы уақытта да жалғастырылады деп жоспарланды.

 

Жаңартылған 23.09.2012 13:17